Кеше Түркияның бұрынғы Президенті Абдуллах Гүл ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы шақыртумен Астанаға келді. Бұл туралы «Қамшы» порталы түркиялық TRT Haber-ге сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Түріктің бұрынғы Президенті Абдуллах Гүл мырзаны Астана халықаралық әуежайынан Түркияның Қазақстандағы елшісі Өмер Бұрхан мырза мен ҚР СІМ күтіп алған.
Абдолла Гүл Астанада 3 күн болып, мұндағы түрік кәсіпкерлерімен кездесу өткізеді деп жоспарланған.
Сонымен қатар, Түркияның экс-президенті Астананың 17 жылдығына орай ұйымдастырылатын бітқатар мәдени іс-шараларға қатысып, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының 75 жасқа толуына арнайы жайылған дастарханға қатысады деп күтілуде.
Сондай-ақ, Гүл 2012 жылы Қырғызстанның Бішкек қаласында Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан және Қырғызстан президенттерінің қатысуымен құрылған Түркі академиясына да барады.
Нұрзат Тоғжан
Пікір қалдыру